Алматы облысында субсидияға бөлінген 500 млн теңге игерілмеген

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Былтыр Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында 500 млн теңге игерілмеген. Аталмыш қаржы субсидияға бөлінген. Бұл туралы облыстық мәслихат депутаттары қатысқан жиында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Депутаттар бөлінген қаржының игерілмегеніне наразы. Сондықтан қаржы игерілмесе, қатаң шара қолдану керек деген ұсыныс білдірді.

«Қаншама шаруаның қолы субсидияға жетпей жүр. Шағым өте көп. Үкімет басынан ақша бөлінеді. Ал ол игерілмей жатады. Қарапайым халық сол қолдауға қолы жетпей, қиналып жүр. Сондықтан бұл жайтқа кім кінәлі, анықтап, шара қолданбаса, іс осылай жалғаса береді», - деді мәслихат депутаттары.

Ал ақшаның игерілмегенін баяндаған баяндамашы, Алматы облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары Жанар Керімбекова тиісті органға хат жолдағанын жеткізді.

«Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасындағылардың бізге берген түсініктемесінде шаруалардың сұраған қаржылары белгіленген қаржыға сәйкес келмеген. Біз өз тарапымыздан қаржының игерілмеуіне байлынысты қызметтік хат жолдадық», - деді Жанар Керімбекова.

Айта кетейік, бүгін Алматы облыстық мәслихат депутаттары «Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру, бекіту, нақтылау және орындау» орындау тақырыбы бойынша онлайн семинар кеңес өткізді. Жиынға облыстық экономика және бюджетті жоспарлау мен қаржы басқармасынан баяндамашылар қатысты.



Соңғы жаңалықтар