Алматы облысында сотталушылар төбелесіп, үшеуі ауруханаға түсті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында қауіпсіздігі орташа ЛА-155/14 түзеу мекемесінде сотталушылар төбелесіп, үшеуі ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түзеу мекемесінің қызметкерлері жазасын өтеушілер арасындағы тұрмыстық жанжалды тоқтатты. Зардап шегушілерге дер кезінде медициналық көмек көрсетілді. Үш сотталушы Қапшағай қаласының ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлердің бақылауында. Жағдайлары тұрақты. Аталған факті бойынша сот алды тергеу және қызметтік тексеру басталды», - делінген ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар