Алматы облысында сотталғандар балаларымен кездесті (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысының Заречный кентінде ЛА-155/8 қатаң режимдегі колонияда ерекше «Ашық есік күні» өтті, деп хабарлады Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментінен.

«Әке мен бала» атты шара облыстағы ҚАЖ мекемелерінде бірінші рет өткізіліп отыр. Оның негізгі мақсаты - бұзылған отбасылық қарым-қатынастарды қалпына келтіру. Тәжірибе отбасылық байланыстарды нығайту сотталушыларға бостандыққа шыққан кезде қоғамға тезірек енуіне көмек беретінін көрсетті», - деп атап өтті облыстық ҚАЖ департаментінің аталған аймақтағы өкілі Шынар Хусайынова.

Оның айтуынша, мәдени-бұқаралық шара «Қазақстандағы сот реформасына көмек», «Құтқару», «Өзгерістер күшін сезін», «Жартас Қазақстан», «Қамқорлық» және «Түрмедегі қызметтің халықаралық қауымдастығы» қоғамдық қорларының қолдауымен өткізілді. Жоғарыда аталған ҮЕҰ балалар мен аналарын тасымалдайтын автобустарды ұйымдастырып қана қоймай, жасөспірімдерді сыйлықтар және тәттілермен қуантты. «Бұдан басқа, ашық есіктер күні бағдарламасының аясында қалалық «Зазеркалье» қуыршақ театрының әртістері түрлі ойын-сайық бағдарламасын ұсынды. Кештің соңында жайылған дастарханнан дәм татты», - деді Ш.Хусайынова.

Соңғы жаңалықтар