Алматы облысында сотталған полицейлердің апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында азаптау қылмысы үшін айыпталған 3 полиция қызметкерлерінің апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тамыз айының 4-і күні Алакөл аудандық сотының үкімімен құқыққорғаушылар кінәлі деп табылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сотпен анықталғандай,  Алакөл аудандық ІІБ криминалды полиция бөлімінің бастығы және бөлімнің жедел  уәкілдері қызметтік кабинетте жәбірленушіге бірқатар мал ұрлығын мойындату мақсатында заңсыз ұстап, азаптаған.

Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше,   сот үкімі өзгеріссіз қалды. Сотталған тәртіп сақшыларына жазаны қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленген. Және олар үш жылға құқық қорғау органдарында қызметпен айналысу құқығынан айырылған.

Соңғы жаңалықтар