+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Алматы облысында соңғы үш күнде 8,3 мың сынама коронавирусқа тексерілді

2021 жылғы 26 қараша 14:09
Бөлісіңіз:
Алматы облысында соңғы үш күнде 8,3 мың сынама коронавирусқа тексерілді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Алматы облысында 52 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы коронавирустың қауіпті «Омикрон» жаңа штамына дайын ба Әсел Қалықова: Алматыда коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет 56,5 пайызға жетті Жапонияда омикрон штамын жұқтыру жағдайы тіркелді

Соның ішінде Панфилов ауданында – 10 жағдай, Талдықорған қаласында – 9, Алакөл ауданында – 8, Ұйғыр ауданында – 5, Қапшағай қаласында – 4, Іле, Қарасай және Талғар аудандарында - 3 жағдайдан, Еңбекшіқазақ және Жамбыл аудандарында - 2 жағдайдан, Ескелді, Қаратал және Көксу аудандарында 1 жағдайдан тіркелді.

Сондай-ақ өткен тәулікте 23 адам емделіп шықты. Қазір өңір «жасыл» аймақта.

«26 қарашадағы жағдай бойынша өңірде 823 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаларға 79 адам түсті. Өңірдің ауруханаларындағы төсек-орын саны - 1895. Төсек-орын жүктемесі – 43,4%. Соңғы 3 күнде 8324 адамның сынамалары зертханаларда тексерілді», - делінген Алматы облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 853 392. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны –1234. Екпенің 2-ші компонентін алғандар – 778 940 адам. Соның ішінде өткен тәулікте 1518 адам вакциналанды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT