Алматы облысында соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысының  әкімі Амандық Баталов Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында облыстың 200 ардагерін салтанатты жағдайда қабылдады. 

Екінші дүниежүзілік соғысының 64 ардагері мен 136 тыл еңбеккеріне концерттік бағдарлама мен бағалы сыйлықтар ұсынылды. Қарт қонақтарды болашақ Отан қорғаушылар - Іле ауданындағы кадет сыныбының оқушылары қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
null 

"Сіздердің жастық шақтарыңыз Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңімен қатар келді, соғыстан кейін де бүлінген шаруашылықты қалпына келтіріп, елдің еңсесін қайта көтердіңіздер. Сіздер қиындық пен ауыртпалықтың бәрін абыроймен жеңе білдіңіздер. Сол үшін де облысымыздың барлық ардагерлеріне шын жүректен алғысымды білдіремін. Бүгінгідей Жеңіс мейрамы қарсаңында Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін", - деді шара барысында облыс әкімі Амандық Баталов.

Салтанатты кеште ардагерлер де тілектерін білдіріп, жиналғандарды мерекемен құттықтады. Олардың қатарында Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны,соғыс  ардагері Солтанбай Жарықбасов, тыл еңбеккері, талдықорғандық Александр Мосько да бар.
null 

Мемлекет басшысының жан-жақты қолдауын сезініп отырғандарын айта келе ардагерлер осындай сый-құрметтің арқасында уақыт тезіне, сырқатқа мойымай, бойларын тік ұстап келе жатқандарын жеткізді. Жұртшылықты Ұлы Жеңіс мерекесімен және Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, ашық аспан, бейбіт өмір, еліміздің өсіп-өркендеуіне тілектестіктерін білдірді.

Жалпы, Алматы облысында  Екінші дүниежүзілік соғысының 190 ардагері, 13 мыңға жуық тыл еңбеккері бар. Жыл сайын  Жеңіс күніне орай соғысқа қатысушылар  мен мүгедектеріне облыстық бюджеттен бірреттік материалдық көмек үшін қаржы бөлінеді. Соған сәйкес биылғы жылы әр ардагерге 150 мың теңгеден берілетін болады. Сонымен қатар тегін санаторлық емделуге, коммуналдық төлемдер мен қажетті құралдармен қамтамасыз етуге қаржы қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар