Алматы облысында соғым етін ұрлаған ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды
2021 жылғы 24 қараша 02:28

Алматы облысында соғым етін ұрлаған ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында ілініп тұрған соғым етін ұрлаған күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Ескелді ауданында болған. Күдікті ілулі тұрған 20 келі жылқы етін қолды қылған.

Іздестіру шаралары барысында күдікті ретінде 60 жастағы ер адам анықталып, ұсталды. Оның айтуы бойынша ұрлық жасаған сәтте ол мас болған. Сонымен қатар, ұсталған азаматтың жарты етті асып жеп үлгергені анықталды. Оңай олжаға кенелмек болған азамат енді істеген әрекеті үшін заң алдында жауап беретін болады.

«Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Ескелді ауданы ПБ-мен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды»,- делінген Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT