Алматы облысында сирек кездесетін сібір тау ешкісі фототұзаққа түсіп қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысындағы «Алтынемел» ұлттық паркінде сібір тау ешкісі фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның видеосы «Алтынемел» табиғи паркінің Instagram -дағы парақшасында жарияланды.

Сібір тау ешкісі ежелден ұлттық парктің Шолақ, Дегерес және Матай тауларын мекендейді. 2021 жылы оның саны 2800 бастан асты.

«Фототұзаққа текесі түсіп қалды. Видеодан оның семсер тәрізді 1 метрдей мүйізін көруге болады»,- делінген әлеуметтік желідегі парақшада.

Бұған дейін Қазақстанның Қызыл кітабына енген Тянь-Шань қоңыр аюы фототұзаққа түсіп қалған болатын.

Сонымен қатар қар барысының ұрғашысы және оның бір жасар аланы «Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркінің бейнетұзағына ілінген еді.


Соңғы жаңалықтар