Алматы облысында шырт ұйқыда жатқан отбасы бақилық бола жаздады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында ыстан уланған 10 адам ауруханаға түсті. Оның алтауы балалар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 6-шы қаңтар күні Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелек ауылында болған. Пештен ақау шығып, шырт ұйқыда жатқан отбасы ыстан уланған.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаевтың айтуынша, қазір дәрігерлердің көмегіне жүгінген отбасы мүшелерінің барлығы ауруханадан шыққан. Жалпы бір ғана Алматы облысынның өзінде жылыту маусымы басталғалы 22 адам ыстан уланып, 3 адам көз жұмған.

«Адамдардың улануының негізгі себептері пештерді дұрыс орнатпау және пайдалану кезінде ережелерді бұзғандықтан және уақтылы түтіндіктерді тазаламағандықтан болады. От жағатын жердің алдындағы еденге 50х70 см. құрайтын пешалды металдан жасалған қаңылтырдың қағылуы қажет және жанып жатқан пешті қараусыз қалдырған өте қауіпті» - деп мәлім етті Алматы облыстық ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы.

Департаменттегілердің мәліметінше, Алматы облысының аумағында 2017 жылдың 12 айында 181 млн. 106 мың. теңге материалдық шығынға батырған 1 964 өрт тіркелген. 26 адам қызыл жалынның құрбаны болды. 40 адам жарақат алған.

Соңғы жаңалықтар