Алматы облысында шіркеу өртенді
2018 жылғы 6 ақпан 17:46

Алматы облысында шіркеу өртенді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы шіркеу өртке оранды. Қызыл жалынмен өрт сөндірушілер үш сағатқа жуық арпалысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаевтың айтуынша, кезекші бөлімге өрт жайлы ақпарат сағат 14:46 минут кеткенде түскен. Ал 17:25 минутта өрт ауыздықталған. Қазір оқиға орнында өрт сөндіретін арнайы үш техника мен 9 қызметкер жұмыс істеп жатыр.

«Алдын ала болжам бойынша өрт шамамен 300 шаршы метр жерді шарпыған. Тілсіз жаудың нақты неден шыққаны әзірге белгісіз. Біздің біліуімізше, оқиға орнында зардап шеккендер жоқ», - деді Азамат Жұртбаев.

Айта кету керек, төтенше жағдай Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген ауылында болған.

Jańalyqtar

MURAǴAT