Алматы облысында шетел азаматы өзгенің көлігін ұрлап, жол апатын жасады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Есік қаласында өзгенің көлігін ұрлап, жол апатын жасады деген күдікпен шетелдік азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, түнгі сағат 02:00 шамасында Еңбекшіқазақ ауданының полициясына Есік қаласында болған қос жол-көлік оқиғасы туралы хабар түсті. Сондай-ақ тәртіп сақшыларына телефон шалған 19 жастағы жергілікті тұрғын «Volkswagen Golf» маркалы көлігі қолды болғанын жеткізген.

«Күдікті азамат оқиға орнында қолға түсті. Ол Еңбекшіқазақ ауданында тіркеуде тұрған Өзбекстан елінің 34 жастағы азаматы болып шықты. Күдіктінің ішімдік ішіп, бөтен көлікті ұрлап, жол бойындағы өзге екі көлікті соққаны белгілі болды. Салдарынан көлік жүргізушілері дене жарақаттарын алды, автокөліктеріне де айтарлықтай нұқсан келген», - деді Еңбекшіқазақ ауданы Полиция басқармасының тергеушісі Мақсат Жақсылықов.

Қазіргі уақытта күдікті мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды. Осы дерек бойынша қолданыстағы қылмыстық заңнаманың 200-бабының 1-бөлігімен қатар, ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының 2-бөлігі және ҚР ӘҚбК 608-бабына сәйкес іс қозғалды.


Соңғы жаңалықтар