Алматы облысында шенеунік басқарған қылмыстық топ құрықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында өңірлік көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары басқарған ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі әшкереленді, деп хабарлайды Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Фейсбуктегі ресми парақшасында.

«Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен бірлесе отырып, облыстық көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары басқаратын ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Өзінің қылмыстық әрекетіне ол өзіне бағынышты 4 қызметкерді - инспекцияның бас мамандарын тартқан. Оның үстіне Алматы қаласы бойынша көлік инспекциясының 4 маманы оның қылмыстық әрекеттеріне қатысқан» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, қылмыстық схемаға Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасарын қоса алғанда барлығы 9 адам тартылған. Олар қылмыстық топ құрамында жеке көлік компанияларының өкілдерінен Алматы облысы мен Алматы қаласы автомагистральдық жолдарында ірі габаритті жүктерді тасымалдау ережесін бұзу бойынша әкімшілік шараларды қабылдамау үшін жүйелі негізде пара алған деген күдікке ілінді.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың қылмыстық кірісі ай сайын шамамен 6 миллион теңгені құраған.

Қазіргі уақытта күдіктілер ұсталды және уақытша қамау абақтысына тоғытылды.

Соңғы жаңалықтар