Алматы облысында шекарашыға қол көтерген азамат сотталды
2018 жылғы 6 ақпан 20:28

Алматы облысында шекарашыға қол көтерген азамат сотталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында шекарашыға қол көтерген азамат 6 айға сотталды. Үкімді Панфилов ауданының соты кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға осыдан тура екі ай бұрын болған. Яғни, 2017 жылдың 6-шы желтоқсанында «Ауди» көлігінің жүргізушісі «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығы аумағына рұқсатсыз өтпек болған. Жүргізуші ҚР ҰҚК Шекара қызметіне қарасты 2088 әскери бөлімінің капитаны С. Алдабергеновтың ескертуіне құлақ аспаған. Шекараның заңды талаптарына бағынбай билік өкіліне қарсылық көрсетіп, дене жарақатын келтірген. Осыған байланысты Б есімді азаматтың үстінен ҚР ҚК 380-бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалып, айыпты деп танылды.

Jańalyqtar

MURAǴAT