Алматы облысында Сенат депутаттығына ең көп дауысты Жанболат Жөргенбаев жинады

Фото: None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Бүгін, 22 сәуір Талдықорған қаласының мәдениет сарайында ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатты сайлау өтті. Халық қалаулылары басым дауысты Жанболат Жөргенбаевқа берді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенат депутаттығына екі үміткер қатысты.

Олар Алматы облыстық мәслихатының депутаты Гүлмира Ахметова және Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Жанболат Жөргенбаев.

«Сайлауға Алматы облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары қатысты. 346 депутаттың 47-і Г. Ахметоваға, 294-і Ж. Жөргенбаевқа дауыс берді. Ал 5 халық қалаулысы екі кандидатқа да дауыс бермеді»,- деді Алматы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Тимур Дәуітов.

Сайлау қорытындысына сәйкес, Жанболат Жөргенбаев ҚР Парламенті Сенатына Алматы облысы атынан депутат болып барады.

Сайлау хаттамасы Орталық сайлау комиссиясына жолданады.


Соңғы жаңалықтар