+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

Алматы облысында семинарға бара жатқан мұғалімдер көлік апатына түсті

2020 жылғы 31 қаңтар 00:00
Бөлісіңіз:
Алматы облысында семинарға бара жатқан мұғалімдер көлік апатына түсті

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында семинарға бара жатқан ұстаздар көлік апатына түсіп, екі адам мерт болды. Тағы үш маман түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, оның біреуі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда үш автокөлік пен мотоцикл соқтығысты Оралда мас жүргізуші айдаған көлік көпірден ұшып кетті Ақмола облысында мас жүргізуші мектеп оқушысын қағып кетті

Полицейлер білім беру саласының қызметкерлері мінген автомашина жүк көлігіне соғылғанын растады. Жеңіл автокөліктің тізгінінде Алакөл аудандық білім бөлімінің 36 жастағы маманы Ақмарал Әтенбекова болған.

Қайғылы жағдай Алакөл ауданына қарасты Үшарал маңында болған. Үш мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен психологы мінген көлік дәл сол Үшаралға семинарға бара жатқан. Діттеген жерлеріне бір шақырымдай ғана жетпей қалған.

«29 қаңтар күні Алакөл ауданында бес білім қызметкері аудан орталығы Үшарал қаласына оқушыларға тегін ыстық тамақ беру бойынша ұйымдастырылған семинарға келе жатып, жол апатына ұшырады, екі адам қаза болды. Қазір полицейлер аталған дерек бойынша тергеу жүргізіп жатыр», - деді Алакөл аудандық Білім бөлімі басшысының орынбасары Берік Серғазин.

Ақмарал Әтенбекова тізгіндеген көлік өзінің жекеменшігі екені анықталды. Мамандар ауылдан аудан орталығына қызметтік емес, жеке машинамен жетпек болған. Алакөл аудандық білім бөлімінен мәлім еткендей, жиналыстарды онлайн түрде өткізуге мүмкіндік жоқ. Бірақ оның себебін атамады. «Бұған интернет себеп пе?» деген сұрақты растамады және жоққа да шығармады.

«Қазіргі таңда осындай семинарларды аудан мектептері арасында онлайн түрде өткізуге мүмкіндік болмай тұр», - деп қысқа қайырды аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Берік Серғазин.

Ал он жыл бойы мұғалім болып жұмыс істеген Жазира Утеева саны бар, сапасы жоқ жиналыстарды азайту керектігін айтып, дабыл қағуда.

«Бұл жиналыстар халыққа, елге қандай нәтиже әкеледі? Соған қарау керек қой. Ол жай есеп үшін ғана деп ойлаймын. Ары қарай сол мәселе сол қалпында тұра береді. Сондықтан жиналыс емес, іспен жасау керек. Жиналыстарды азайту керек деп санаймын», - деді Талдықорған қаласының тұрғыны Жазира Утеева.

Ал көлік апатынан ажал құшқан 30 жастағы психолог маман ауданға жеке жұмыстарымен шыққаны белгілі болды. Көз жұмған тағы бір маман Сапақ орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT