Алматы облысында сексеуіл кесушілер азаймай тұр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында сексеуілді заңсыз шапқандар ұсталып, 50-ден аса қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда қызыл кітапқа енген ағаш түрін отын ретінде пайдаланушылар саны көбейіп барады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Табиғатты қорғау өкілдерімен бірігіп Ішкі істер департаментінің мамандары алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл өсімдік түрін жаппай кесуге тыйым салынған. Мараторий 2018 жылдың соңына дейін ұзартылды.  Алайда қысқы отын ретінде және кәуап әзірлеуде таптырмас ағашты отаушылар азаймаған.

Жыл басынан бері 50-ден аса факті тіркелсе, олардан  25 текше метрден аса сексеуіл тәркіленді. Құқық бұзушылар үстінен ҚР ҚК 340-шы бабы бойынша іс қозғалды.

Сондай ақ,  Алматы облысында  қарашаның 1-і мен 10-ы  аралығында   республикалық «Браконьер»  атты алдын алу шарасы өтіп жатыр.   109 дерек анықталды. 13 факті  бойынша қылмыстық іс қозғалды. Соның ішінде 92 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды. 143 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. 122 дана аңшы мылтығы  тәркіленген.  

null 

Соңғы жаңалықтар