Алматы облысында саяхаттап жүрген туристер соққыға жығылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында саяхаттап жүрген туристер жергілікті тұрғындардан таяқ жеді. Оқиға Ақсу ауданына қарасты Қапал ауылында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған фактіні Ақсу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі растады. Қапал ауылының тұрғындары соққыға жыққан 6 адам  ауруханаға жеткізілген. Бірақ Алматы қаласының тұрғындарын емдеу мекемесіне жатқызу қажеттілігі туындамаған.

«6 адам келді. Аяқ-қолдары, дене мүшелері сынбаған.  Бет ауыздары қатты көгермеген. Медициналық  сараптама жасалды.  Барлығы Алматы қаласының  тұрғындары. Туристердің ешқайсысы ішімдік ішпеген», - деп мәлім етті Ақсу аудандық ауруханасындағылар.

Куәгерлердің айтуынша, осы оқиғаға қатысы бар адамдардың барлығын Ақсу аудандық  ІІБ-не жеткізген. Бейресми ақпарат бойынша, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Бірақ облыстық ІІД баспасөз қызметі оқиғаны растау үшін арнайы сұраныс хатын жолдауды талап етті.

Соңғы жаңалықтар