Алматы облысында сатушы дүкенде жанжал шығарған клиентті өлтірді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері мас адамды өлтірді деген күдікпен дүкен сатушысын ізін суытпай ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 қазанда сағат 10:00 шамасында Қарасай аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне Қарасай ауданы Тұрар ауылындағы дүкендердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Аталған факті ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелген.

Оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобы ақпаратты растады.

Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Тұрар кентінің 54 жастағы тұрғынының жеке басын анықталып, одан кейін Жібек жолы кентінің 39 жастағы тұрғыны ұсталды.

Алдымен ол ештеңені мойындамаған. Дәлелдерді көрсеткеннен кейін ол кісі өлтіргенін мойындап, қылмыс құралы - пышақты берді.

Күдіктінің айтуынша, ол дүкенде сатушы болып жұмыс істейді.

«Сатып алушы ретінде келген жәбірленуші мас болып, жанжал шығарған. Жанжал кезінде ол қайтыс болған адамды кеудесінен пышақпен ұрған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес жария етілмейді» делінген ведомствоның хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар