Алматы облысында салық төлеуден жалтарып жүрген 125 мың борышкер бар

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында салық төлеуден жалтарып жүрген 125 мың борышкер бар. Олар мемлекетке 87 млн теңге берешек, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі таңда құзырлы органдар салық төлемей жүргендерге шет мемлекеттерге шығуға шектеу қою және басқа да шаралар қолдана бастады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде мемлекеттік кіріс департаментінің өкілдерінің баспасөз брифингі барысында мәлімдеді. Өңірде пәтерін жалға берушілер, заңсыз жолаушы тасымалдаушылар мен әлеуметтік желілер арқылы сауда-саттық жүргізушілер туралы мәліметтер базасы жинақтала бастады. Себебі олар кәсібін салық төлемей жүргізуде.

null  

«Қымбат-қымбат машина, қымбат-қымбат коттедж, мысалы сіздің хабарламаңыз бар ма, осыны сатам, үй сатам деген. Соның бәрі сіздің фамилияңыз, сіздің ИИН-іңіз бар барлық желіден жиналып, сізді тексеруге алады деген аналитикалық ақпарат шығады», - деді Алматы облыстық мемлекеттік кіріс департаменті басшысының орынбасары Таукен Ошақбаев.  

Сондай ақ брифинг барысында  жыл басынан бері Алматы облысында салық түсімі 188 млрд теңгеге жуықтағаны мәлім болды.

null  

Соңғы жаңалықтар