+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Алматы облысында салық төлеуден жалтарған кәсіпкер 5 жылға сотталды

2020 жылғы 14 қыркүйек 10:58
Бөлісіңіз:
Алматы облысында салық төлеуден жалтарған кәсіпкер 5 жылға сотталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында салық төлеуден жалтарған кәсіпкер 5 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанайлық полицейлер жалғыз адамды жабылып ұрған он бұзақыны ұстады Жамбылда заңсыз сақталған 86 бірлік атыс қаруы тәркіленді БҚО-да алаяқ жұмысқа орналастырамын деп 35 тұрғынды алдап кеткен

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері бірқатар жалған компаниялардың басшысына қатысты салық төлеуден жалтару фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеді.

Тергеу барысында бұл тұлғаның салық есептілігіне тауарлар мен қызметтерді сатып алу туралы жалған ақпаратты енгізу арқылы құрылыс-монтаждау қызметтерін көрсеткені анықталды.

Осылайша, ол салық салу объектілерін және басқа төлемдерді жасырып, декларацияға кірістер мен шығыстар туралы әдейі бұрмаланған мәліметтерді енгізу арқылы бірқатар ұйымдар атынан бюджетке салық төлеуден жалтарған.

«Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде бюджетке өтелмеген салықтар және міндетті төлемдер түрінде мемлекетке 1 млрд 635 млн. теңге сомасына материалдық залал келтірілді.

Сот үкіміне сәйкес күдікті ҚР ҚК 245-б. 3-б. қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпты болып танылып, оған 3 жылға мемлекеттік және коммерциялық, сондай-ақ басқа ұйымдарда лауазымдарды иелену құқығынан айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды»,- делінген аталған ведомствоның хабарламасында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT