+7 (701) 759 90 19
USD 380.19 EUR 419.01
RUB 6.08 CNY 54.81
Jańalyqtar

Алматы облысында салығы төленбеген Toyota Land Cruiser тәркіленді

2019 жылғы 11 желтоқсан 17:52
Бөлісіңіз:
Алматы облысында салығы төленбеген Toyota Land Cruiser тәркіленді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында көлік салығы бойынша берешегі үшін Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлік тәркіленді. Көлік иесінің берешегі 1 млн теңгеден асып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте салығы төленбеген көліктер айып тұрағына қойыла бастады Қазақстанда көлік салығын төлеу мерзімі өзгертіледі СҚО тұрғындарының көлік салығы бойынша берешегі 300 млн теңгеге жетті

«Қарасай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері полиция департаментінің және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының қызметкерлерімен бірлесіп, жолдардағы салық қарызы бар автокөліктерді анықтау және оларды арнайы айыппұл тұрағына қою бойынша рейд жүргізу кезінде ірі борышкер-автокөлік иесін ұстады», делінген хабарламада.

Рейд Алматы облысы бойынша МКД қызметкерлері полиция департаменті және жеке сот орындаушыларының палатасымен бірлесіп ұйымдастырған профилактикалық іс-шара аясында өткізілді.

«Алматы-Бішкек» автотрассасында рейд жүргізу барысында жол полициясы қызметкерлері Toyota Land Cruiser 100 маркалы автокөлікті ұстады, «KRSPI» базасының мәліметтеріне сәйкес, 2015-2018 жылдары көлік салығы бойынша берешектері үшін жалпы сомасы 1 268,0 мың теңгеге мәжбүрлеу шараларын қабылдау туралы сот орындаушысының қаулысы бар.

Иесі қарызын өтегенге дейін сот орындаушылары көлікті Қарасай ауданындағы полицияның мамандандырылған айыппұл тұрағына қойды. Автокөлік иесіне салығы бойынша қарызды өтеу міндеттелді.

Салық төлеушілер салық бойынша берешектің бар/жоқ екендігі туралы МКК сайтында тексере алады. , 2019 жылы жеке тұлғалардан көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 2019 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Салық, Алматы облысы, Көлік,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT