Алматы облысында «Салбурын-2019» саятшылар мен аңшылар жарысы өтті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында саятшылық пен аңшылық өнерді дәріптеуге бағытталған «Салбурын-2019» құсбегілер байқауы өтті. Оған еліміздің әр өңірінен 25 аңшы қатысты деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған шара дәстүрлі құсбегілер жарысынан өзгерек болды. Аңшылар «Жетісу», «Алтай», «Арқа», «Еренқабырға» және «Тарбағатай» атты 5 топқа бөлініп, додаға түсті. Сайыс екі күнге созылды. Алғашқы күні құсбегілер құстарын, аңшылар құмай тазыларын бабына келтіріп, кешқұрым аңшылар қосында ас әзірлеп, түннің бір уағына дейін аңшылық пен саятшылық туралы әңгіме өрбітті.

null

Жарыстың екінші күні аңшылар аттарын ерттеп, тазыларын ертіп, құстарын қолға қондырып, тау тасты аралап кетті. «Арқа» командасы 1 түлкі мен 1 қоян ауласа, «Жетісу» командасы 3 қоян мен 3 қырғауыл алып, қанжығасын майлады. Тағлымы мол, рухани азық болар шараны ұйымдастырушы - республикалық «Қыран» федерациясы мен Алматы облыстық спорт және денешынықтыру басқармасы.

Жарыс қортындысы бойынша «Жетісу» командасы үздік шығып, арнайы кубокқа ие болды. Аңшылар мен құсбегілердің көңілінен шыққан шара келер жылы да жалғасын таппақ.

null null null null null

Соңғы жаңалықтар