Алматы облысында сәбилер үйіндегі нәрестелерді түнде мүлдем тамақтандырмаған

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы сәбилер үйіндегі нәрестелерді уақтылы тамақтандырмаған. Аталған факті өңірдегі «Шелек» сәбилер үйінде болды.

Анықталғандай, медбикелер әсіресе түнгі уақытта сәбилерді мүлдем тамақтандырмайды. Есесіне өздерінің ұйықтайтыны белгілі болды. Мұндай сұмдық жайтты анықтауға ғимаратта орналасқан  бейнекамера өз септігін тигізді. Бұл жайында бүгін Алматы облысы прокуратурасының жиынында мәлім болды.

Сондай-ақ жиында 247 ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала баспана кезегіне тұрмаған. Осындай олқылыққа жол бермес үшін Алматы облысы прокуратурасының басқарма басшысы Сәбит Чембеков облыс әкіміне өңір бойынша электронды база жасауды ұсынды.

«Мұндай электронды база ата-ана қамқорлығынсыз қалған әр баланың барлық жағдайын анықтауға өз септігін тигізеді. Мәселен, бір ғана мысал, ол бала баспана кезегіне тұрған не болмаса кезекке тіркелмегені жөнінде  база арқылы анықтайтын боламыз. Бұл ұсынысты мен облыс басшысына айттым, енді бұл жүйе көп ұзамай жүзеге асады деген сенімдемін»,- деді  С.Чембеков. 

 

Соңғы жаңалықтар