Алматы облысында сәби сатпақ болған бес адамның соты өтіп жатыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -  Алматы облысының № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сәби сатпақ болғандардың ісі қаралып жатыр. Сот алдында отырған бес адамның бірі дәрігер, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Қарасай аудандық орталық ауруханасында бала сатпақ болған дәрігер мен тазалық қызметшісі, сәбидің анасы мен әжесі, сондай-ақ сатып алушы ҚР ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігінің 1-інші және 12-тармақтары бойынша («Кәмелетке толмағандар саудасы») айыпталуда.

Алғашқы сот процесі жабық режімде өтті. Келесі сот отырысы 9 қарашаға белгіленді. 

Биылғы жылдың 25 шілдесі күні Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі Қарасай ауданында жаңа туған нәрестені сатпақ болған адамдар тобы құрықталғанын хабарлаған болатын. Күдіктілерді Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы  мен Қарасай ауданы полициясының қызметкерлері қолға түсірді.

Соңғы жаңалықтар