Алматы облысында сабан шөптен жасалған тиін пайда болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қаскелеңдіктер өз тиінін орнатты. Оның авторы - қазақстандық студенттер, деп хабарлайды «ҚазАқпарат « ХАА тілшісі. 

Instagram әлеуметтік желісіндегі dtp almaty парақшасында  Алматы облысы Қарасай ауданында сабан шөптен жасалған тиін орнатылғандығы  жайлы  видеоролик пайда болды.

Жастар оны көру үшін жұртшылықты Қаскелеңге келуге шақырды.

«Біз, Қазақстан Республикасының аграрлық сектордағы жас ғалымдары, Қазақ  ұлттық аграрлық университетінің студенттерімен бірлесіп, бізге шөп бөлдірген агропрактің көмегімен осындай тиін орнаттық. Ертең, 18 шілдеде осында келуге шақырамыз»,- деп атап өткен өздерінің мәлімдемесінде студенттер.

Қазақстандықтар осыған орай өз  жазбаларында студенттерді қолдайтындықтарын білдірген.

Соңғы жаңалықтар