Алматы облысында «Рухани жаңғыру» атты журнал жарық көрді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында «Рухани жаңғыру» атты республикалық журнал жарыққа шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бас редактор Бақтияр Қабасов әріптестеріне сүйінші данасын таныстырды.



Әзірге 1000 тиражбен басылып шыққан түрлі-түсті журнал еліміздің жаңғыру жолындағы жетістіктері мен жеңістерін паш етпек. Өнегелі еңбегімен көпке үлгі болған тұлғалардың ұстанымдары мен көне тарихи жерлерді жариялауды мақсат етіп отыр. Басылымда жан-жақты әрі салмақты тақырыптар қамтылмақ. Ақылдастар алқасы да зиялы қауымдардан, елге танымал азаматтардан құралған.

Шеф редактор Алмат Исаділдің айтуынша, басылым алдағы уақытта 3 тілде жарияланатын болады. Ал, жаңа әліпби нұсқасы толығымен бекітілсе, латын қарпіне көшу жоспарда тұр. Журналға қазірдің өзінде жазылу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар