Алматы облысында республикалық маңызы бар автожол бір күнге жабылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында республикалық маңызы бар автожол жабылады, деп хабарлайды өңірлік ТЖД баспасөз қызметі.

««Нұртас» ЖШС хабарлауы бойынша Республикалық маңызы бар «Сарыөзек-Көктал» автожолында 45-68 шақырым учаскесінде реконстукциялық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 2022 жылғы 8 сәуір күні сағат 9:00-ден бастап 9 сәуір күні аралығында бұрғылау-жару жұмыстары жүргізілетін болады. Осыған байланысты автокөлік жолының осы учаскесі автокөліктің барлық түрлері үшін жабық болады» делінген хабарламада.

Алматы облысының ТЖ департаменті азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды және өз бағытын алдын ала түзетуді, сондай-ақ 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.



Соңғы жаңалықтар