Алматы облысында республикалық автожол жабылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы облысының Шығыс Қазақстан облысымен шекаралас аумағында жол қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК« АҚ Алматы облыстық филиалы мен «Қазақавтожол« ЖШС Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, ауа райының нашарлауына байланысты (ауа температурасының -35 С дейін төмендеуі) 27 желтоқсан сағат 19.00-ден бастап, 28 желтоқсан сағат 09.00-ге дейін «Алматы - Өскемен« республикалық маңызы бар автожолдың 558-615 шақырым аралығы (Үшарал қаласы-ШҚО шекарасы) қоғамдық көліктер мен дизельді автокөліктер үшін жабылады.

Осыған байланысты Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі жіберетін СМС-хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды. Алыс жолға шыққан кезде ауа райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларға қажетті барлық заттарды өзіңізбен бірге алып жүруді еске салады.


Соңғы жаңалықтар