Алматы облысында ресейлік туристер ІІБ-не жеткізілді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Ақсу ауданының таулы аймағында саяхаттап жүрген туристер қауіпсіз жерге жеткізілді. Қазір 7 ресейлік  Жансүгіров ауылынының Ішкі істер бөлімінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Туристер Жансүгіров ауылынан шамамен 3 сағаттық жерде болған. Барлығының жағдайы жақсы. Өмірлеріне қауіп жоқ. Қазір олар болған жайт бойынша аудандық ІІБ-ге түсініктеме беруде», деп мәлім етті облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 8 ресейлік турист Ақсу өзенінің бойымен катамаранмен түсіп келе жатып, бір турист абайсызда суға құлап, мерт болған. Қайғылы жағдай жөнінде Төтенше жағдайлар қызметіне туристердің өздері қоңырау шалып, хабарлаған.

Соңғы жаңалықтар