Алматы облысында полиэтилен дорбадан нәресте табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген ауылының тұрғыны есік алдынан жаңа туған нәресте тауып алды. Көкек ана шақалақты қызыл түсті полиэтилен дорбаға салып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түрген ауылының тұрғыны үйіне отын кіргізу үшін далаға шыққанда шарбаққа ілініп тұрған дорбаны аңғарады. Отынын кіргізіп, пешін жағып, есік алдына қайта шықса, дорба қозғалады. Ит-мысық шығар деп дорбаны үйіне алып кірсе, жаңа туған нәрестені көреді. Дереу түрде жедел жәрдем және тәртіп сақшыларын шақырып, мән жайды баяндайды.

Жаңа туған баланың салмағы 2,5 кг. Денесіне суық өткен. Сауыққанша ауруханада болады. Одан кейін Шелек ауылындағы бөбектер үйіне тапсырылмақ. Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше қазір баланың анасы іздестіріліп жатыр.

"Сондай-ақ ҚР ҚК 119-бабына сәйкес, яғни «қауіпті жағдайда қалдыру» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Іс Еңбекшіқазақ аудандық ІІБ өндірісінде",- дейді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі.

Соңғы жаңалықтар