+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Алматы облысында полицияға қару өткізгендерге 6 млн теңгеден аса сыйақы төленді

2021 жылғы 15 қыркүйек 04:40
Бөлісіңіз:
Алматы облысында полицияға қару өткізгендерге 6 млн теңгеден аса сыйақы төленді

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында қаруды заңсыз сақтау әрекеті бойынша 19 қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында 45 млн теңгенің спорттық алаңдары құжат жүзінде ғана жасалған Алматы облысында 49 бала коронавирус жұқтырды Алматы облысындағы дау: ата-аналар балаларын мектепке жібермейміз деп талап қоюда

Алматы облысында 26 355 азаматтық қару иелері тексерілді. Қаруды сақтау, тіркеу және қайта тіркеу ережелерін бүзудың 984 ыактісі анықталды. Атыс қаруы мен оның оқ-дәрілерін заңсыз сақтау фактілері бойынша 19 қылмыстық іс қозғалды (ҚР ҚК 287-бабы). Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иемденгені, бергені, өткізгені, сақтағаны, алып жүргені, тасымалдағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы бойынша 37 азамат әкімшілік жауапқа тартылды.

«Аталған іс-шаралардың нәтижесінде қарумен байланысты қылмыстар мен ұрлық төмендеді. ҚР ІІМ бұйрығына сәйкес, биыл 20 сәуірден бастап Алматы облысының аумағында халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы өткізіледі. Полиция департаменті және облыстың барлық қалалық, аудандық полиция басқармалары мен бөлімдерінде тапсырылған қарудың, оқ-дәрілердің және жарылғыш заттардың техникалық жай-күйін, сондай-ақ сыйақы мөлшерін анықтау жөніндегі 21 комиссия құрылды. Бүгінгі күні Алматы облысының аудандық және қалалық полиция бөлімшелері жалпы сомасы 6 млн.58 мың 691 теңгеге 99 бірлік қаруды (89 бірлік тегіс ұңғылы, 9 бірлік ойық ұңғылы, 1 бірлік травматикалық және 176 дана ойық ұңғылы патрондар) өз еркімен тапсырған азаматтардың 74 өтінішін тіркеді. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда»,- делінген Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT