Алматы облысында полицейлерге пышақ ала жүгірген азамат тұтқындалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында тәртіп сақшылары өздеріне пышақ ала жүгірген азаматты тұтқындауға мәжбүр болды. Оқиға Қарасай ауданының Елтай ауылында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

53 жастағы ауыл тұрғыны алкогольді ішімдік ішіп алып отбасында жанжал шығарған. Оқиға орнына барған учаскелік полиция қызметкерлері тәртіп бұзған азаматты тыныштандырып, арнайы көлікке отырғызған. Алайда ол жеңіне тыққан пышақты алып шығып, тәртіп сақшыларына қарсы ұмтылады. Жедел әрекет еткен полицейлер бұзақыны қарусыздандырып, аудандық полиция бөліміне жеткізген. Арпалыс барысында азамат инспектордың мойнын жарақаттаған. Бірақ медициналық көмектен кейін тәртіп сақшысы өз қызметіне қайта кірісті.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп бұзған азаматқа әкімшілік жазадан бөлек, полиция қызмткеріне шабуыл жасады деген айып тағылды.

Күдікті Қарасай ауданының уақытша оқшаулау изоляторына қамауға алынды. Ал пышақ айғақ зат ретінде іске тіркелді.

Соңғы жаңалықтар