Алматы облысында полицейлер жоғалған 26 жылқыны тауып берді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Ақсу ауданының тұрғыны 26 жылқысын тауып берген тәртіп сақшыларына әлеуметтік желі арқылы ризашылығын білдіріп, алғыс айтты,деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«10 маусым күні аудандық полиция бөлімшесіне бірнеше күн бұрын жайылымдағы жылқысын таба алмай жүрген жеке шаруа қожалығының иесі арыз берген. Тәртіп сақшылары тарапынан ұйымдастырылған жедел-іздестіру шаралары барысында өте шалғай қашықтыққа кеткен жылқылар толығымен табылып, иесіне қайтарылды»,- деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

«26 жылқымды таба алмаған соң Ақсу ауданының полициясына харарластым. Сол тәртіп сақшыларының көмегімен малым аман-есен табылды. Оларға мың да бір рахмет»,- делінген Сағабүйен ауылының тұрғыны, жылқылардың иесі Әбен Шөмшеков таратқан бейнежазбада.

Полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, облыста мал ұрлығының алдын алу, ұрылар қолды қылған малды іздестіріп, оларды иелеріне қайтару бойынша шаралар тұрақты түрде жүзеге асырылуда. «Мал ұрлығы» жедел алдын алу іс-шарасы барымташылардың жымысқы әрекеттерін болдырмауға бағытталған шараларды бірі. Тәртіп сақшылары аймақта соңғы үш айға жуық мерзімде шамамен 300 бас малды тауып, заңды иелеріне қайтарған. Алматы облысында жоғалған 26 жылқыны полицейлер тауып берді.

Соңғы жаңалықтар