+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Алматы облысында полицейлер үйінен қашып кеткен 14 жасар қызды іздеп тапты

2017 жылғы 20 шілде 19:32
Бөлісіңіз:
Алматы облысында полицейлер үйінен қашып кеткен 14 жасар қызды іздеп тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Қарасай ауданындағы мектептердің бірінде 8-сынып оқитын қыз 12 шілде күні Іргелі кентінде тұрып жатқан ата-анасынан қашып кеткен.

Оның туыстары өздері іздеп таппаған соң, 15 шілде күні Қарасай АІІБ-ге келіп, көмек сұраған.

«Кәмелетке толмаған қыздың осынша уақыт бойы Талғар ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде жасырынғаны белгілі болды. Ол Алматыға жиі барып жүрген. Жедел іс-шаралар барысында Қарасай аудандық полиция қызметкерлері оны Алматыдағы түнгі клубтардың бірінен тапты. Қазір қыз аман-сау қалпы ата-анасына берілді», - деп хабарлады Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Полицейлер жасөспірім қыздың ата-анасымен әр ұрысқан сайын үйінен қашып кететінін анықтады. Бұл жолы ол туыстарына үйіне қайтып оралмайтыны туралы хат жазып кеткен.

«Қашып кеткен қыз бен оның ата-анасымен профилактикалық әңгімелесу өткізілді», - деп атап өтті полицияда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT