Алматы облысында полицейлер студент қыздарды өзін қорғауға үйретті

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облыстық Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері жаңа оқу басталуына орай Талдықорған қаласындағы колледждердің студенттерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Іс-шараға қатысқан жасөспірім қыздарға құқықтық сауаттылықты арттыру, зорлық-зомбылық түрлері мен одан қорғану жолдары, күйзелісті жеңу тәсілдері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуде тақырыпты ашу мақсатында полицейлердің арнайы әзірлеген бейнероликтері көрсетілді. Бейнероликтерде әлеуметтік желілердегі танысу немесе бейтаныс жандарға көзсіз сену, түнде қыдыру қыздардың зорлық-зомбылық құрбаны болуына әкелуі мүмкін екені түсіндірілді. Сонымен қатар, бейтаныс көліктерге отыру, бөтен адамдармен қонаққа бару, жақындарына ескертпестен үйден шығып кету, ішімдіктер мен есірткі өнімдеріне үйір болудың соңы жақсылыққа апармайтыны айтылды.
Сонымен қатар, Полиция департаментінің жауынгерлік күрес нұсқаушысы Бауыржан Ақанұлы жастарға өзін-өзі қорғаудың қарапайым айла-тәсілдерін үйретті. Түрлі ситуациялық жағдайларға талдау жасап, шабуылдаушы мен қорғанушының психологиялық ерекшеліктеріне тоқталды. Әдістерді іс-тәжірибеде көрсетіп, шеберлік сабағын өткізді.
«Қыздарға қорғану мақсатында өзімен бірге ысқырықт, кілттер жиынтығын, түрлі спрейлерді, яғни дезодоранттар, шашқа арналған лактарды алып жүрудің артық етпейді. Бастысы – жағдайды дұрыс бағамдап, қолда бар заттарды тиімді пайдалану. Зорлық-зомбылық орын алуы мүмкін орындардан мүмкіндігінше аулақ жүруі қажет. Дегенмен, ондай жағдай орын алса, жинақы болып, бірден қорғану шараларын қабылдауы тиіс»,- деп атап өтті полиция өкілдері.
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ресми ақпараты
- Алдағы бес жылда Алматы облысында 5 млн 400 мың шаршы метр тұрғын үй салынады
- Еуразия ұлттық университетінің өкілдері тікелей эфирден 10 сағат бойы студенттердің сауалдарына жауап берді
- СҚО-да биыл 5 ауыл колледжі заманауи қондырғылармен жарақтандырылады
-
ШҚО полицейлері заңсыз ауланған жарты тоннадан астам балықты тәркіледі
-
Түркістан облысында көкпар ұйымдастырғандарға айыппұл салынды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам