+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматы облысында полицей аурухананың терезесінен секірмек болған адамды құтқарып қалды

2020 жылғы 6 маусым 22:09
Бөлісіңіз:
Алматы облысында полицей аурухананың терезесінен секірмек болған адамды құтқарып қалды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Ұзынағаш ауылындағы аудандық аурухананың үшінші қабатынан секірмек болған адам құтқарылды. Оның өмірін полицей Алмас Құсайынов сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бейруттағы жарылыс: Әлем елдері Ливанға көмек беруге дайын Алматыда үйінен қашып кеткен бала 5 күннен кейін сауда орталығы маңынан табылды Блокпостағы полиция өлімі: қылмыстық істің квалификациясы өзгертілді

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 маусым күні Жамбыл аудандық ауруханасына күйзелісте жүрген 45 жастағы ер адам түскен. Ол көп уақыттан бері ішімдікке салынып, дәрігерлердің көмегіне мұқтаж болған. Бірақ ол емдік шараларын толық алмай, бас тартып, ауруханадан кететінін айтқан.

Бірақ талабын орындата алмаған науқас өз-өзіне қол жасайтынын айтып, аурухананың үшінші қабатындағы терезесіне шығып кеткен. Медицина қызметкерлері полиция, төтенше жағдай қызметін оқиға орнына шақырған. Мамандар дереу жетіп, терезенің астына матрас салып, ер азаматқа мұндай қателік жасамауды өтінген. Бірақ нәтиже шықпаған. Соңында, құлап бара жатқан ер адамды полицей Алмас Құсайынов ұстап қалып, палатаға алып кірген.

Жамбыл ауданының полицейі Асхат Тегенбаевтың айтуынша, өз-өзіне қол жұмсамақ болған адам Алматы қаласының тұрғыны. Ол Ұзынағашқа келіп, бірнеше күн ішімдік ішкен. Оны туыстары ауруханаға жатқызған. Қазір 45 жастағы азамат туыстарының қолына қайта тапсырылды. Ал полиция ер адамды өз-өзіне қол жұмсауға не итермелегені жөнінде тексеру жүргізеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT