Алматы облысында перзентхана қызметкерлері отырған автобус аударылды

None
None
ТАЛҒАР. ҚазАқпарат - Алматы облысында перзентхана қызметкерлері отырған шағын автобус аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Талғар - Есік - Бәйдібек би» тас жолында келе жатқан Mercedes-Benz Sprinter жүргізушісі Сатай ауылының маңында көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Күн тұман, жол көктайғақ болып тұрған.



«14 ақпанда сағат 07.40 кезінде Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөліміне «Талғар - Есік - Бәйдібек« тас жолының 72-ші шақырымында жол-көлік оқиғасы тіркелгені туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына тергеуші-жедел топ қызметкерлері бірден шықты. Белгілі болғандай, 41 жастағы жүргізуші тұман мен көктайғақ жағдайында рульге ие бола алмай, көлік аударылған», - деп хабарлайды Алматы облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Жол апаты салдарынан үш адам травматологиялық бөлімге жеткізілген. Дәрігердің тексеруінен кейін 19 адам үйіне қайтарылды.


Соңғы жаңалықтар