Алматы облысында педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында көршісінің баласын ұрлап, оны жертөлелердің бірінде зорлаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, 2020 жылдың 7 наурызында Н. есімді ер адам мас күйде көршісінің кішкетай баласын ұрлап кеткен. Баланың қарсылығы мен айқайына қарамастан, аузын жауып, оны ешкім көрмейтін жеке тұрғын үйдің жертөлесіне апарып, жұдырықпен ұрған. Салдарынан бала есін жоғалтып, дәрменсіз күйде, зорлық-зомбылық пен жыныстық әрекетке ұшырады.
Сотта сотталушы айыпты мойындамады, әрекеттің дәлелденбеуіне байланысты өзін ақтауды сұрады.
Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы мен жәбірленушінің заңды өкілі соттан ер адамды Қылмыстық кодекстің 125-бабы 2-бөлігі 5-тармағы,120-бабының 4-бөлігі, 121-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп тануды және өмір бойына бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындауды сұрады.
Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, куәгерлердің айғақтарымен, сот-сараптамалық зерттеулердің нәтижелерімен дәлелденді.
Сондықтан сот жаза тағайындау кезінде қылмыстың аса ауыр санатына жататынын, қылмыстың сипатын, сотталушының жеке басын, оның ішінде қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын, жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жайларды ескерді.
« Сот оны Қылмыстық кодекстің 125-бабы 2-бөлігі 5-тармағы , 120-бабы 4-бөлігі, 121-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды және оған қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде жазасын өтей отырып, өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза тағайындады»,- деп хабарлады Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
- БҚО-да жалған шот-фактура жазып, мемлекетке 77 млн теңге залал келтіргендер сотталды
- Жыл басынан бері 120-ға жуық адам жемқорлық әрекетіне жол бергені үшін сотталды
- ШҚО-да 236 келі марал мүйізін ұрлаған ер адам Алматыда ұсталды
- Семей тұрғыны алаяққа алданып 3 млн-ға жуық ақшасынан айырылды
-
Жамбыл облысында бес күнде 42 есірткі қылмысы тіркелді
-
Сотталушы Ақмола колониясына үш телефон мен есірткі өткізбек болды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам