Алматы облысында патрульдік полиция күшейтілген тәртіпке көшірілді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат- Алматы облысындағы автожолдарда «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кең ауқымда ұйымдастырылған шараның басты мақсаты – жол-көлік апаттарының алдын алу, оның қайғылы салдарын болдырмау және жол жүру ережесін бұзуға жол бермеу.

«Қазіргі уақытта патрульдік полицияның жеке құрамы күшейтілген тәртіпте қызмет атқаруға көшірілді. Полиция нарядтарының саны артып, жолдарға, елді мекендерге және көше қиылыстарына баса назар аударылуда. Патрульдік полицейлердің міндеті мен жұмыс әдісі нақтыланды. Олар автопатрульдеуді, жаяу патрульдеуді, сондай-ақ жол қозғалысына қатысушыларды қадағалауды жүзеге асырады»,- деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметінен.

Рейдтік шаралар барысында жол жүру ережесін бұзудың деректері анықталады және алдын алу шаралары қабылданады. Оның ішінде қарапайым қателіктен бастап, көлікті масаң күйде басқару, жолдық қарсы бағытына шығу, қауіпсіздік белдігін тақпау, қозғалыс барысында телефонды пайдалану, апаттық жағдайдағы көліктермен жүру сияқты заңды өрескел бұзу деректері де әшкереленеді.

Жол қозғалысын жіті бақылауға бағытталған арнайы шара 12 ақпанда басталып, үш күнге жалғасады.


Соңғы жаңалықтар