+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Алматы облысында пәтер тонап жүрген шетел азаматы ұсталды

2017 жылғы 30 қараша 22:17
Бөлісіңіз:
Алматы облысында пәтер тонап жүрген шетел азаматы ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында пәтер тонап жүрген шетел азаматы ұсталды. 50 жастағы ер адам Молдова елінің азаматы екені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шетел азаматын Қарасай аудандық ІІБ-ның полицейлері қолға түсірді. Тәртіп сақшылары күдіктінің бір айдың ішінде тоналған 10 пәтердің ісіне қатысы бар екенін дәлелдеп берген. Ал ұсталған азамат көбіне саяжайлардағы үйлерді тонаумен айналысқан.

Молдовалықтың сөзінше, оның Қазақстанға келгеніне бір жылдан асқан. Және ол төлқұжатын жоғалтып алдым деп ақталыпты. Ал өзінің туған елінде отбасы бар екен.

«Қазіргі таңда күдіктінің аты-жөні және түсініктемесі арнайы база арқылы тексеріліп жатыр. Сондай ақ, оның өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталатын болады», - деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Ал күдікті қамауға алынды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT