18:57, 21 Наурыз 2018 | GMT +6
Алматы облысында парапланмен ұшқан жігіт шатқалға құлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында парапланмен ұшқан ер адам шатқалға құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл мәліметті ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті растады.
«21 наурызда сағат 14.00-де Қарасай ауданындағы Үшқоңыр шатқалында ҚР ІІМ ТЖК Республикалық жедел-құтқару жасағының күштері парапланмен жерге қонар кезде құлаған және жарақат алған 1992 жылғы жігітті құтқарды, сондай-ақ оны жедел жәрдем қызметіне тапсырды», - делінген хабарламада.
Жігіттің жағдайы орташа ауыр деңгейде деп бағалануда.