+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Алматы облысында параплан бағанаға соғылып, екі адам ауруханаға түсті

2021 жылғы 11 мамыр 12:52
Бөлісіңіз:
Алматы облысында параплан бағанаға соғылып, екі адам ауруханаға түсті

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында парапланмен ұшқандар жарық бағанасына соғылып, екі адам ауруханаға түсті. Қазір 50 жастағы азаматтың жағдайы өте ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда дала өрті 25 гектар жерді шарпыды Алматыда субурқақта балаларды тоқ соқты: Әкімдік мән-жайды түсіндірді Түркістан облысында екі жеңіл көлік соқтығысып, 7 адам мерт болды

Оқыс оқиғаның барысы видеоға түсіп қалған.

«9 мамыр күні Шамалған ауылының жоғарғы бөлігінде оқыс жағдай болды. Парапланмен ұшқан демалушылар аяқ асты ұйытқып соққан желден құрылғыға ие бола алмай, жарық бағанасына соғылды. Парапланда болған екі адамның бірі қазір ауыр жағдайда жатыр, екіншісі жеңіл жарақат алған. Осыған орай округ тұрғындары мен қонақтарынан өз өмірлеріңіз бен денсаулықтарыңызға қауіп төндірмеуді сұраймыз. Табиғат аясында сейілдеуге шығарда ауа райы болжамына назар аударыңыздар» деп жазылған әлеуметтік желідегі жазбада.

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 1971 жылғы азаматтың жағдайы ауыр екенін жеткізді.

«9 мамыр күні Қарасай аудандық ауруханасына парапланнан құлаған екі адам түсті. 1971 жылы туған науқастың жағдайы ауыр. Жансақтау бөліміне жатқызылды. Бірнеше сүйегі сынған. Басынан соққы алған. Ал 2004 жылғы науқас травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр. Миы шайқалған. Жағдайы орташа. Омыртқасы сынған» делінген ведомствоның хабарламасында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT