Алматы облысында Өзбекстанның 10 азаматы ыстан уланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысы Қарасай ауданы Тұрар ауылында 10 Өзбекстан азаматы ыстан уланды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Азамат Жұртбаев хабарлады.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенше 3 ересек адам мен 2 бала сол жерде жан тәсілім етті. Қалған 5 адам Қаскелең аудандық орталық ауруханасына жатқызылды.

Баспасөз хатшысының айтуынша, жүргізілген профилактикалық шараларға қарамастан ыстан улану жағдайы жиі кездесуде.

2015 жылы 300 000-ға жуық үйге ескерту жаднамасы таратылды. Миллионға жуық адамға қауіпсіздік шаралары мен пешті пайдалану ережесі түсіндірілді.
null

Соңғы жаңалықтар