Алматы облысында өз ұлын зорлаған бұрынғы мектеп директоры сотталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында туған ұлын зорлады деп айыпталған бұрынғы мектеп директорына сот үкімі шықты.  35 жастағы төрт баланың әкесі 16 жылға бас бостандығынан айырылды.

Енді ол қылмыстық жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше,  процесс Талғар аудандық сотында жабық режимде қаралды. Сотталған азамат ҚР ҚК  121 бабы 4-ші бөлігі және 107 баптың 1-ші бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Сот үкіміне сәйкес сотталған азамат өмір бойына кәмелеттік жасқа толмаған балалармен жұмыс істеу және  мұғалімдік қызмет атқару құқығынан айырылды. Іс материалына сәйкес, сотталушы 9 жастағы туған ұлын бірнеше жыл қатарынан зорлап келген. Ал айыпталушы  Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Алматы облыстық білім басқармасының мәліметінше, 16 жылға бас бостандығынан айырылған азамат Еңбекшіқазақ ауданындағы Жаңашар ауылында мектеп директоры болған. Ол өз еркімен 31 шілде күні жұмыстан шығып кеткен.

Соңғы жаңалықтар