Алматы облысында өткен жылы 16 мыңға жуық адам обыр диагнозымен есепке алынған

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында қатерлі ісік дертімен ауырған науқастар саны артуда. 2021 жылдың 12 айында 16 мыңға жуық адам обыр диагнозымен есепке алынған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2020 жылмен салтырғанда ауру көрсеткіші 23 пайызға артып отыр. Өкініштісі, 1206 адам осы жазылмас сырқаттан көз жұмған.

Мамандар індет жасарып келе жатыр деп дабыл қағуда. Науқастардың 12,7 пайызы сүт безінің обырымен көш басында тұр. Екінші орында асқазанның қатерлі ісігі, үшінші орында өкпе обыры.

Дерттің асқынуына жол бермеудің бірден-бір жолы уақтылы скринингтен өтіп, мүмкіндігінше жылына бір тексеріліп тұру. Онкологтар бұл қызмет тегін жүргізілетінін айтып, шақырту жасаса да, тұрғындар өз денсаулығына салғырт қарап, дер кезінде көмекке жүгінбейді, дейді дәрігерлер.

«Сондықтан халыққа айтарымыз ертерек келіп қаралу керек. Сізді ерте сатыда анықтасақ, сіздің өмір сүру ұзақтығыңыз 15-20 жылға дейін артуы мүмкін»,- деді Алматы облыстық көпсалалы клиника директорының орынбасары Гүлайым Оразбекова.


Соңғы жаңалықтар