Алматы облысында өткен түнде адам өліміне әкелген екі жол апаты орын алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қайғылы оқиғаның бірі Алматы облысының Покровка ауылында орын алды. Алматинская көшесімен солтүстікке бағыт алып бара жатқан «Мерседес» жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдың шетіндегі электр желісі бағандарын құлатып барып, бір үйдің дуалына төңкерілген күйі асылып қалған. Бұл туралы Алматы облыстық ІІД Алматы өңірі бойынша баспасөз хатшысы Гүлнар Мағзұмқызы хабарлады.

Салонда болған 3 адам түрлі деңгейдегі жарақат алды. Олар «Өтеген батыр» кентінің орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Ал, Өтеген батыр ауылының тұрғыны 1975 жылы туылған әйел адам оқиға орнында көз жұмды. Қазір құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтауда. «Мерседестің» жүргізушісі 1986 жылы туылған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, Алматы-Бішкек тас жолында шығысқа қарай бағыт алған белгісіз көлік жүргізушісі 1962 жылғы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Оқиға тас жолдың 30 шақырымында түнгі сағат 21:35-те орын алған. «Жаяу жүргінші ауыр жарақаттармен Қаскелең аудандық орталық ауруханасына жеткізілген болатын. Алайда, ол кісіні аман алып қалу мүмкін болмады», - деді Гүлнар Мағзұмқызы. Оның айтуынша, ІІД қызметкерлері қазір оқиға орнынан ізін суытқан жүргізушіні іздестіруде.

Соңғы жаңалықтар