Алматы облысында осыған дейін көлік ұрлаумен айналысып келген күдікті ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері үш көлікті айдап әкетіп, көліктерден екі автомагнитола мен ұялы телефондарды ұрлады деген айып тағылған Алакөл ауданының 24 жастағы тұрғынын ұстады.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол айдап әкеткен көліктер анықталып, заңды иелеріне қайтарылды. Күдікті ер адам бұған дейін осыған ұқсас қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазіргі кезде ол Алакөл ауданында «Мазда» көлігін және Талдықорғанда «Субару Легаси» көлігін айдап әкетті, сондай-ақ облыс орталығында «Ауди» маркалы көліктердің ішінен қымбат заттарды ұрлады деген айыппен ұсталды.

Жалпы алғанда 2015 жылдың үш айының ішінде аймақ полицейлері көліктерді айдап әкеткен 53 адамды ұстады, соның ішінде екеуі кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер болып шықты.

Соңғы жаңалықтар