Алматы облысында осы айда 978 адам коронавирус жұқтырған

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында өткен аймен салыстырғанда коронавирус жұқтырғандар саны 0,9 пайызға артқан. Желтоқсан айының басынан 1000-ға жуық адамнан вирус анықталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сондықтан өңірде карантин шараларын күшейту жұмыстары жалғасады. Бүгіннен бастап ұжымдық корпоративтер мен ертеңгіліктерді өткізуге қатаң тыйым салынды. Қоғамдық тамақтану орындары жұмысын жалғастырғанымен 50 адамнан артық қабылдамауы тиіс. Облыс орталығы Талдықорғанда қаңтардың бесіне дейін спорт секциялары, үйірмелер мен бассейндер жұмыс істемейді. Барлық білім ошақтарындағы кезекші сыныптар онлайн форматқа көшірілді.

«50 адам болғанымен де, бір столда 4 адамнан аспау керек. Ара қашықтық әр адамның ортасында 1,5-2 метр болу керек және ұжыммен корпоратив не болмаса тойларға тыйым салынған», - деді Алматы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Департаменті басшысының орынбасары Асхат Шарапиев.


Соңғы жаңалықтар