Алматы облысында орын алған жер сілкінісі Шыңжаңда да сезілді

None
None
БЕЙЖІҢ. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - 28 қаңтарда Қазақстанның Алматы облысында болған 6,1 балдық жер сілкінісі ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданының шекарасында да сезілді,

деп хабарлады қытайлық сейсмологиялық орталықтан.

Аталмыш орталықтың ақпаратына сәйкес, зілзала ошағы Алматы облысының аумағында 20 шақырымдық тереңдікте орналасқан.

Алғашқы 6,1 балдық қуатты жерасты дүмпуі 29 қаңтарда Бейжің уақыты бойынша сағат 00.38-де сезілді. Кейін бейжіңдік уақыт бойынша сағат 00.46-да 3,4 балдық күшпен 13 метр тереңдікте екінші жерасты дүмпуі байқалды. 19 минуттан кейін 3 балдық күшпен төрт жерасты дүмпуі сезілді.

Жерасты дүмпулері, әсіресе Іле-Қазақ, Боротала-Моңғол автономды округтерінде және ҚХР-дің Ақсу Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданында қатты сезілді. Қаза болғандар мен қираулар жөнінде ақпарат жоқ.

Соңғы жаңалықтар