+7 (701) 759 90 19
USD 386.30 EUR 428.14
RUB 6.08 CNY 54.87
Jańalyqtar

Алматы облысында өрттен қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетіледі

2019 жылғы 16 қараша 16:54
Бөлісіңіз:
Алматы облысында өрттен қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетіледі

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында үйімен бірге өртеніп кеткен отбасының жақындарына жергілікті билік көңіл айтып, қайғысына ортақтасты. Қара жамылған отбасына қажетті көмек көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанайда екі бала үй ішінде жанып кетті ҚР СІМ Нью-Делидегі өртке байланысты көңіл айтты Қызылордалық көршісінің бір айлық сәбиі мен жеті жасар баласын өрттен аман алып шықты

Еңбекшіқазақ ауданы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, үй өртенген кезде отағасы жұмыста болған. Ал 1985 жылы туған әйел 2008 және 2014 жылғы екі баласымен бірге үйде болған. Өкінішке қарай, үшеуі де тірідей жанып кетті. Оқиға орнынан олардың жартылай күйіп кеткен денелері табылды.

«Қара жамылған үйелменнің бір баласы ғана аман қалды. Ұл бала көрші көшеде тұратын ата-апасының қолында болған. Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Бинәлі Ысқақ бастаған аудан басшылары отбасының жақындарына барып, көңіл айтты. Қажетті көмек көрсетіледі», - деп мәлімдеді Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің баспасөз қызметінен.

Қазір өрттің шығу себептері анықталу үстінде. Сондай-ақ аудан әкімі жергілікті жауапты мамандарға тұрғын үйлердің әрқайсысына барып, қысқа дайындығын тексеруді тапсырды.

Еске сала кетейік, кеше түнде Алматы облысында әйел мен оның екі баласы өрттен көз жұмған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT